Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Пруденциялық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілікті табыс етудің нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 148 Қаулысы (2018.30.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Пруденциялық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілікті табыс етудің нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 148 Қаулысы

(2018.30.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 Қаулысымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы есептің нысаны;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны бекітілсін.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.30.07. № 157 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Микроқаржы ұйымы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына осы қаулының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген электрондық форматтағы есептілікті ұсынады.

Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есептілікке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есептілікке қол қоюға уәкілетті адамдар және орындаушы қол қояды және микроқаржы ұйымында сақталады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции