Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВТЕРДI ЖӘНЕ МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫНЫҢ...

Пруденциялық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілікті табыс етудің нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 148 Қаулысы

 

Осы редакция 2018 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы есептің нысаны;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны бекітілсін.

2. Микроқаржы ұйымы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына осы қаулының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген электрондық форматтағы есептілікті ұсынады.

Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есептілікке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есептілікке қол қоюға олар уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қол қояды, мөрмен (бар болса) куәландырылады жәнемикроқаржы ұйымында сақталады.

Микроқаржы ұйымының электрондық форматта ұсынылатын есептілігі деректерінің қағаз тасымалдағыштағы деректерге сәйкестігін бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есептілікке қол қоюға олар уәкілеттік берген адамдар және орындаушы қамтамасыз етеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку