«Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 Қаулысы (2025.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 Қаулысы
(2025.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024.30.04. № 20 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Мына:
1) «Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілікті табыс етудің нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 148 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15696 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
Демо – версия документа