(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВТЕРДI ЖӘНЕ МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕ...
Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 Қаулысы
(2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Мына:
1) «Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілікті табыс етудің нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 148 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15696 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 13-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа