«Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығы (2019.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығы
(2019.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 19 мамырдағы № 41 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2019.05.07. № 382 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу»;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тіркеу;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Селекциялық жетістікке қорғау құжатын беру;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес «Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу;
10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес «Тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін ұсыну;
11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа