Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ САЛ...

Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығы

 

Осы редакция 2019 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу»;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу»;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу»;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тіркеу»;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу»;

7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру»;

8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Селекциялық жетістікке қорғау құжатын беру»;

9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес «Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу»;

10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес «Тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін ұсыну»;

11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау»;

12) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру».

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку