«Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығына 7-қосымша) (2019.05.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің 2019.05.07. № 382 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 11 қазандағы
№ 1481 бұйрығына
7-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 19 мамырдағы № 41 бұйрығымен күші жойылды
«Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.05.07. берілген өзгерістермен)
1. «Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) әзірленді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жеке және заңды тұлғамен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) қорғау құжатын беру кезінде:
мемлекеттiк тiзiлiмде (өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге, өнертабысқа) қорғау құжатын беру туралы мәліметті енгізу және қорғау құжатының берілгені туралы мәліметті енгізуді жариялау немесе стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
Документ утратил силу
Демо – версия документа