«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негіздебасқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттіккөрсетілетінқызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығына 2-қосымша) (2019.12.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 11 қазандағы
№ 1481 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 19 мамырдағы № 41 бұйрығымен күші жойылды
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негіздебасқаратын ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттіккөрсетілетінқызмет стандарты
(2019.12.07. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет көрсету «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірлеген (бұдан әрі - уәкілетті орган).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - портал).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі -15 жұмыс күні ішінде.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiгіне осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің «жеке кабинетіне» жолданады және сақталады.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа