(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ YКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 38 Қаулысы
(2016.06.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 13 қаңтардағы
№ 38 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.12.10. № 821 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 71 қаулысында:
1-1-тармақтағы «Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қаржы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2011.25.03. № 272 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі 1006 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті».
5. ҚР Үкіметінің 2014.12.12. № 1315 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. «Көші-қонға бақылау жасауды күшейту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 241 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 119-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа