«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 12 қазандағы
№ 821 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
тізбесі
1. «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысы.
2. «Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 274-құжат).
3. «Қылмыстық-атқару жүйесiнiң тәрбиелеу колониялары жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы № 655 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 17, 192-құжат).
4. «Халықты және өрт қауiпсiздiгі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімдi насихаттау, оқыту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1327 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 45, 452-құжат).
5. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің нысандық киімінің және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілік нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 қаулысы.
Демо – версия документа