(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.13.01 № 38 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 38 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 13 қаңтардағы
№ 38 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қоса берілген Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі функцияларында:
14-тармақтағы «Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қаржы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 71 қаулысында:
1-1-тармақтағы «Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қаржы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Темір жол көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 наурыздағы № 258 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 75-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы темір жол көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеудің ережесінде:
Редакция документа
Демо – версия документа