«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1175 Қаулысы (2021.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1175 Қаулысы
(2021.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 705 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2021.15.04. № 245 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2021.15.04. № 245 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2021.15.04. № 245 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2018.08.06. № 333 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.15.04. № 245 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1175 қаулысымен
бекітілген
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ережені
Осы Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ ақпаратты пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылады.
2. Комиссия ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкілетті орган) жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа