(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ...
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1175 Қаулысы
(2016.16.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1175 қаулысымен
бекітілген
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы
ереже
Осы Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 19-бабына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылады.
ҚР Үкіметінің 2016.16.06. № 353 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрi - Министрлік) жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Комиссияның қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық пен ашықтық негізінде жүзеге асырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа