(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2015.31.12 № 1175 ҚАУЛЫСЫ
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1175 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1175 қаулысымен
бекітілген
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы
ереже
Осы Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 19-бабына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылады.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссияның қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық пен ашықтық негізінде жүзеге асырылады.
4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Редакция документа
Демо – версия документа