(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КОНЦЕССИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ...
Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығы
(2021.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 155-2 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 9 және 20-баптарына БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары;
3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингін жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары;
4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары;
5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар;
6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар;
7) Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес ең жақсы концессиялық өтінімді айқындау үшін Жобаларға қойылатын кретерийлер;
8) Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері;
9) Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу критерийлері бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа