Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 5-қосымша) (2022.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 157 бұйрығына

5-қосымша

 

 

Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге,

сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын

 талаптар

(2022.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 155-2-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі - ТЭН) құрылымы мен мазмұнын, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН-інің экономикалық сараптамасы қорытындысына қойылатын талаптарды айқындайды.

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.27.02. № 80 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасы - жобаның жүзеге асатындығы мен іске асырылу тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген экономикалық талдауды бағалау;

2) концессиялық жобаның ТЭН-і - маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін институционалдық шешімдерді, қаржылық шешімдерді, тәуекелдерді бағалау және концессиялық жобаның қатысушылары арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемін айқындау, сондай-ақ жобаны іске асыру кезінде оның мемлекеттік бюджетке әсері және тұтастай алғанда экономиканың және оның саласының дамуына әлеуметтік-экономикалық әсері жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжаттама;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции