(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КОНЦЕССИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕ...
Осы редакция 2018 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 157 бұйрығына
5-қосымша
Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын
талаптар
(2015.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 155-2-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі - ТЭН) құрылымы мен мазмұнын, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН-інің экономикалық сараптамасы қорытындысына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) концессиялық жоба ТЭН-інің сараптамасы - жобаның жүзеге асатындығы мен іске асырылу тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген экономикалық талдауды бағалау;
2) концессиялық жобаның ТЭН-і - маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін институционалдық шешімдерді, қаржылық шешімдерді, тәуекелдерді бағалау және концессиялық жобаның қатысушылары арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемін айқындау, сондай-ақ жобаны іске асыру кезінде оның мемлекеттік бюджетке әсері және тұтастай алғанда экономиканың және оның саласының дамуына әлеуметтік-экономикалық әсері жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжаттама;
Редакция документа
Демо – версия документа