Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 1-қосымша) (2023.07.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.27.02. № 80 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.20.04. № 37 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 157 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 34 бұйрығымен күші жойылды
Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу
қағидалары
(2023.07.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 7-6) тармақшасына және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын ала есеп айырысулар - жол берулерді көрсете отырып, концессиялық жобаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есеп айырысулар. Алдын-ала есептеулер ашылмалы формулалары бар Microsoft Office Excel форматында жасалады және қағаз және электронды түрде ұсынылады;
2) Жергілікті жоба - коммуналдық меншікке жататын объектілер (бұрыннан бар немесе салынуы болжанатын) бойынша іске асырылатын концессиялық жоба және/немесе бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар болып табылады және Заңның 13-бабына сәйкес;
3) республикалық жоба - республикалық меншікке жататын объектілер (бұрыннан бар немесе салынуы болжанатын) бойынша іске асырылатын концессиялық жоба және/немесе екі және одан да көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың субъектілері концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар болып табылады және Заңның 12-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа