(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫ...
Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 19 ақпандағы № 303 Өкімі
(2019.26.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 1 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Құқықтық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес:
ҚР Президентінің 2018.21.02. № 642 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын және 1-қосымшаға сәйкес құрамы бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.
ҚР Президентінің 11.04.03 ж. № 374 өкімімен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы өкімге сәйкес келтірсін;
2) осы өкімнен туындайтын қажетті ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қабылдасын.
3) ҚР Президентінің 03.12.04 ж. № 513 өкімімен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қылмысқа қарсы күрестің жекелеген мәселелері бойынша» 2001 жылғы 29 мамырдағы № 214 өкімі 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Редакция документа
Демо – версия документа