«Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығы (күші жойылды)
Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 147-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгі ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 243 бұйрығының күші жойылды деп танылсын тіркелген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11170 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Д. Абаев |
Бекітемін
Қазақстан Республикасы Ақпарат
және қоғамдық даму министрінің
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 444 бұйрығы
Жастар ресурстық орталықтары туралы
үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа