«Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 243 бұйрығы (күші жойылды)
Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 243 бұйрығы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Сәрінжіпов |
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 243 бұйрығымен
бекітілген
Жастар ресурстық орталықтары туралы
үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі - Ресурстық орталықтар) мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды.
2. Ресурстық орталықтар ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеуді және жастар бастамаларына қолдау көрсетуді, жастар арасындағы жағдайды мониторингтеу мен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа