«Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 147-НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)
Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 147-НҚ бұйрығы
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 115) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19619 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Документ не введен в действие
Демо – версия документа