«Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығы (2025.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығы
(2025.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 97 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.28.01. № 8 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.27.12. № 116 бұйрығымен (2025 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Демо – версия документа