(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР НАРЫҚТАРДА БАҒА БЕЛГІЛЕУ ҚАҒИДА...
Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығы
(2021.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 97 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2015 жылғы 29 қазандағы 124-6-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Редакция документа
Демо – версия документа