Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 116 бұйрығы

 «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 116 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану -амортизациялық аударымдар есебінен шекті бағада көзделген қаражатты инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асырумен және (немесе) негізгі құралдар құнының ұлғаюына әкеп соғатын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізумен және (немесе) негізгі құралдарды және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алумен және (немесе) инвестицияларды іске асыру үшін тартылған қарыз қаражаты бойынша негізгі борышты қайтарумен байланысты емес мақсаттарға бағыттау;

2) аумақтық бөлімшелер - уәкілетті орган ведомствосының, өзінің құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне қосылған табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мен бақылауды, бағаларды реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку