(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНОМДЫҚ ТІРКЕУДІ ЖҮРГІЗУ ҚАҒ...
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 Қаулысы
(2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 1 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2022.22.09. № 720 Қаулысымен (2022 ж. 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.12. № 1246 Қаулысымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 31 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2022.22.09. № 720 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүргізуге, дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге, пайдалануға, адамның жеке басын анықтауға немесе растауға уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2023.29.12. № 1246 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Редакция документа
Демо – версия документа