«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1246 Қаулысы (күші жойылды)
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1246 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 938 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) геномдық ақпарат бойынша сәйкестендіру - анықталып жатқан адамның, танылмаған мәйіттің геномдық профилінің «Жеке басты биометриялық сәйкестендіру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - «ЖБС» ААЖ) геномдық ақпаратының дерекқоры бойынша сәйкес келуін тексеру;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) дактилоскопиялау - материалдық жеткізгіштерде қолдың тырнақ фалангаларының және (немесе) алақан бетіндегі папиллярлық сызықтардан түзетілетін тері бедерінің таңбасын (бұдан әрі - таңбалар) алу;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) «Жеке басты биометриялық сәйкестендіру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі - біреуі автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйедегі дактилоскопиялық ақпаратты қамтитын, ал екіншісі автоматтандырылған геномдық ақпараттық жүйедегі геномдық ақпаратты қамтитын екі кіші жүйеден тұратын электрондық ақпараттық ресурс;»;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа