(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНОМДЫҚ ТІРКЕУДІ ЖҮРГІЗУ ҚАҒ...
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 Қаулысы
(2021.04.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 31 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүргізуге, дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге, пайдалануға, адамның жеке басын анықтауға немесе растауға уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) амплификация - хромосомалық дезоксирибонуклеин қышқылы (бұдан әрі - ДНҚ) учаскелерінің қосымша көшірмелерінің пайда болу процесі;
2) генетикалық профиль - адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін ДНҚ-ның белгілі фрагменттері туралы кодталған ақпарат;
3) геномдық ақпарат бойынша сәйкестендіру - анықталатын адамның, танылмаған мәйіттің геномдық профилінің «ЖБС» ААЖ геномдық ақпаратының дерекқоры бойынша сәйкес келуін тексеру;
Редакция документа
Демо – версия документа