Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ 2021 - 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕЙБ...

Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 Қаулысы

(2023.15.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2022.02.02. № 44 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.02.08. № 523 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) Жекешелендірудің 2021 ‒ 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі ‒ Кешенді жоспар);

2) жекешелендірілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізіміне енгізу өлшемшарттары (қағидаттары) бекітілсін.

2. Теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын, басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын квазимемлекеттік сектор субъектілері (бұдан әрі - ірі ұйымдар) бойынша:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесі бекітілсін;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» (келісу бойынша), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» (келісу бойынша), «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» (Kazakhstan Engineering) (келісу бойынша) акционерлік қоғамдарына ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесін бекіту ұсынылсын.

3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2021.24.12. № 934 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Жергілікті атқарушы органдарға:

1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку