Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 934 Қаулысы

«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 934 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жергілікті атқарушы органдарға:

1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту;

2) осы қаулыға 4-қосымшада көрсетілген заңды тұлғалар үш рет өткізілген сауда-саттықтың нәтижелері бойынша өткізілмеген жағдайда, оларды қосу не біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру немесе тарату ұсынылсын.»;

5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы қаулыға 5-қосымшада көрсетілген заңды тұлғалар үш рет өткізілген сауда-саттықтың нәтижелері бойынша өткізілмеген жағдайда, оларды қосу не біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру немесе тарату ұсынылсын.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган (келісу бойынша), квазимемлекеттік сектор субъектілері (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) жыл сайын, жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша (10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат және құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беру жөнінде ұсыныстар беріп тұрсын.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку