Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 44 Қаулысы

«Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 44 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендірудің 2021 − 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) Жекешелендірудің 2021 ‒ 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі ‒ Кешенді жоспар);

2) жекешелендірілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізіміне енгізудің түйінді өлшемшарттары (қағидаттары) бекітілсін.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган (келісу бойынша), квазимемлекеттік сектор субъектілері (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) жыл сайын, жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша (10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат және құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беру жөнінде ұсыныстар беріп тұрсын;

3) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жол карталарына сәйкес объектілердің уақтылы өткізілмегені үшін мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларынан, ұйымдар басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымды адамдардың жауапкершілігі туралы мәселені қарасын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку