(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.10.06 № 558 ҚАУЛЫСЫ
Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 Қаулысы
(2012.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 9) тармақшасына және 126-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2009.22.10. № 1638 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.11. № 1470 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар директорлар кеңестерінің басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Үлгілік ережеге сәйкес белгілеуді қамтамасыз етсін.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасы және басқарма мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 (бұр. ред. қара); 2008.21.11. № 1080 (бұр.ред.қара); 2009.20.07. № 1101 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа