(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.10.06 № 558 ҚАУЛЫСЫ
Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 Қаулысы
(2009.22.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 9) тармақшасына және 126-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2009.22.10. № 1638 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар директорлар кеңестерінің басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Үлгілік ережеге сәйкес белгілеуді қамтамасыз етсін.
Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 (бұр. ред. қара); 2008.21.11. № 1080 (бұр.ред.қара); 2009.20.07. № 1101 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 3 тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа