«Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1470 Қаулысы (күші жойылды)
«Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1470 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1183 Қаулысымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 291-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасы және басқарма мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі айқындайды.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа