(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2005.30.09 № 359 ҚАУЛЫСЫ
Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 Қаулысы
(2012.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.31.01. № 8 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі қоса беріліп отырған Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудитті (бақылауды) ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 5 маусымдағы № 112 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 571 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана», № 33 басылымдарында 1998 жылғы 11-17 тамызда жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 434 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2653 тіркелген, «Казахстанская правда» № 27 (27337) газетінде 2004 жылғы 10 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.31.01. № 8 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа