«Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудит (бақылау) ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 1998 жылғы 5 маусымдағы № 112 қаулысы (ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.03. № 116 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
“Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудит (бақылау) ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының
1998 жылғы 5 маусымдағы № 112 қаулысы
(ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.03. № 116 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.30.09. № 359 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік құқықтық негізін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудит (бақылау) ұйымдастырудың қоса берілген тәртібі бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Заң департаменті (Өртембаев А.Қ.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесе отырып, осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудит (бақылау) ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін.
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудит (бақылау) ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1998 жылғы 5 маусымдағы
№ 112 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДЕ ІШКІ АУДИТТІ
(БАҚЫЛАУДЫ) ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ
Осы ереже банк заңдарының талаптарына сәйкес банк қызметінің халықаралық стандарттары ескеріле отырып әзірленген және екінші деңгейдегі банктерде (бұдан әрі - банктер) ішкі аудитті (бақылауды) ұйымдастыру шарттарын айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа