Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Екінші деңгейде банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 434 қаулысы (күші жойылды)

Екінші деңгейде банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасының
2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 434 қаулысы

ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.30.09. № 359 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының банктiк заңдарын жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және Қазақстан аудиторлар палатасына жіберсiн.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.

5. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.Қ.) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасының бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен қабылданған шешiм туралы ақпаратты жариялауға байланысты шығыстарды төлесiн.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

Ұлттық Банк

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку