(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 31.01.01 Ж. № 161 ҚАУЛЫСЫ
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 Қаулысы
(2011.01.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың уақытылы төленуін қамтамасыз етсін.
3. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
ҚР Үкіметінің 2005.24.05. № 499 Қаулысымен мәтін бойынша сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 990 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2001 жылғы 31 қаңтардағы
№ 161 қаулысымен
бекітілген
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу
ережесi
Осы Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу ережесi (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Редакция документа
Демо – версия документа