Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 31.01.01 Ж. № 161 ҚАУЛЫСЫ

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысы

(2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың уақытылы төленуін қамтамасыз етсін.

3. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң 2001 жылғы

31 қаңтардағы № 161

қаулысымен бекітілген

ҚР  Үкіметінің 2005.24.05.  № 499 Қаулысымен мәтін бойынша сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара)

 

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң

Ережесi

 

Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң тәртібін белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - жәрдемақы) - әлеуметтiк көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан берiлетiн ақшалай төлем;

2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң аумақтық органдары;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку