(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 31.01.01 Ж. № 161 ҚАУЛЫСЫ
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және
төлеудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. № 703; 2005.20.01. № 36 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 499 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың уақытылы төленуін қамтамасыз етсін.
3. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Үкіметінiң 2001 жылғы
31 қаңтардағы № 161
қаулысымен бекітілген
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң ережесi
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - жәрдемақы) - әлеуметтiк көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан берiлетiн ақшалай төлем;
2) республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң аумақтық органдары;
Редакция документа
Демо – версия документа