(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2012.29.11 № 389 БҰЙРЫҒЫ
Электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 389 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасынан анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
Редакция документа
Демо – версия документа