Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 389 бұйрығына 7-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 36 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 29 қарашадағы № 389

бұйрығына 7-қосымша

 


«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
электрондық мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» электрондық мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - қызмет беруші) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы баламалы негізде, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы (бұдан әрі - ЭҮП) көрсетеді.

2. «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.

3. Қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған.

4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық.

5. Осы Регламентте қолданылатын ұғымдар:

1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);

2) «электрондық үкімет» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮП);

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку