«Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 36 бұйрығы (2014.19.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 36 бұйрығы
(2014.19.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Әкені анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті;
Документ утратил силу
Демо – версия документа