«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 36 бұйрығына 4-қосымша) (2014.19.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
4-қосымша
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.19.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1559 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленді.
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет берушілер).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру аумақтық әділет органдары арқылы жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметін көрсету нәтижесі:
әке болуды анықтауды тіркеу және жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде әке болуды анықтау туралы куәлік беру;
әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түріндегі құжатты берген уәкілетті адамның қолы қойылып куәландырылған өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген жаңа куәлік беру.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекет тәртібін сипаттау
Документ утратил силу
Демо – версия документа