Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жылжымайтын мүлігінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 389 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 34 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 29 қарашадағы

№ 389 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Жылжымайтын мүлігінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жылжымайтын мүлігінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - қызмет) аумақтық әділет органдары Халыққа қызмет көрсету орталықтар (бұдан әрі - Орталық) арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-портал www.e.gov.kz  (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетеді.

2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Жылжымайтын мүлігінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.

3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық.

5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:

1) жеке сәйкестендіру нөмір - жеке тұлға, соның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - ЖСН);

2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН);

3) қызмет алушы - электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға

4) транзакциялық қызмет көрсету - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға ұсыну жөніндегі қызмет;

5) «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырланған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметке қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку