«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 389 бұйрығына 6-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 36 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 29 қарашадағы № 389
бұйрығына 6-қосымша
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»
электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - қызмет беруші) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы баламалы негізде, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы (бұдан әрі - ЭҮП) көрсетеді.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, соның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық.
5. Осы регламентте қолданылатын ұғымдар:
1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
2) «электрондық үкімет» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮП);
3) «электрондық үкімет» шлюзі - электрондық қызметтерді іске асыру шегінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);
Документ утратил силу
Демо – версия документа