«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 219 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 219 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 755 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Азаматтың әскери қызметке қатыстылығы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
Документ утратил силу
Демо – версия документа