«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 219 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 755 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 219 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық
анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты (бұдан әрі - Орталық мұрағат) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Орталық мұрағатқа өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) өтініш жасаған күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағазда.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі орталық мұрағаттан шығатын апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды және құжаттардың көшірмелерін беру болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.
Документ утратил силу
Демо – версия документа