«Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 219 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 755 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 219 қаулысымен
бекітілген
«Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіруді бақылау жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық);
2) жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі - ЖӘБО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
ЖӘБО-ға немесе орталыққа өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа