Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кастодиандар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 248 Қаулысы (2018.30.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Кастодиандар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 248 Қаулысы

(2018.30.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 211 Қаулысымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.30.07. № 161 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.30.07. № 161 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мына:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Кастодиандар есептілігінің тізбесі;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кастодианның номиналдық ұстауында тұрған бағалы қағаздар туралы есеп;

3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша клиенттердің оқшауланған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есеп;

4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кастодиан клиенттерінің саны туралы есеп;

5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша номиналдық ұстауда тұрған шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар туралы есеп.

6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес кастодиандардың есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Кастодиан есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық нысанда тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

3. Осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Г. Марченко

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции